×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Алматы облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

19.05.2023, 14:55
фото: ашық дереккөзден

Алматы облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов айтты.

«Алматы облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға, өңірлік ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Арапби Меңлібаев 11 жылға, білім басқармасының бас маманы Бақыт Абдолданова 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар мемлекеттік сатып алуға қатысты келісімшартқа пара алды деп айыпталған», - деді Малахов Талдықорғандағы жиында.

Еске салайық, Майгүл Омарова 2021 жылдың 9 ақпанында ұсталған. Тергеу материалдарына сәйкес, ол 2020 жылдың қазан-қараша айларында жалпы сомасы 406 миллион теңгеге 2522 ноутбук жеткізуге және пандемиямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде сатып алынған ноутбуктерді кедергісіз қабылдауға мемлекеттік сатып алу шартын жасаған.

Сотталушыларға 35 млн теңгеден аса пара алды деген айып тағылған.

Серіктес жаңалықтары