×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Судан атысты 7 күнге тоқтату туралы келісімге келді

21.05.2023, 10:30
Ашық дереккөз

Судан армиясы мен әскерилендірілген жедел қолдау күштері жеті күндік атысты тоқтату келісіміне қол қойды. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Суданда алты аптадан бері жалғасып келе жатқан ұрыс елді хаосқа батырғаны атап өтілді.

Атысты тоқтату келісімі Хартум уақытымен дүйсенбі күні сағат 21:45-те күшіне енеді.

Бұған дейін тараптар осыған ұқсас тоқтату келісімдеріне бірнеше рет қол қойған, бірақ ол құжаттар бұзылған болатын. Reuters бұл келісімнің сақталуы АҚШ, Сауд Арабиясы және халықаралық қауымдастық қолдайтын бақылау механизмімен қамтамасыз етілетінін жазды.

Еске салайық, Суданда армия мен Жедел әрекет ету күштері (ЖЖҚ) арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Қақтығыс Жедел әрекет ету күштері қарулы күштерге біріктірілгеннен кейін басталды. Мұндай өзгерістер Суданды азаматтық билікке қайтару туралы келісімді жүзеге асыру үшін қажет болды. Генералдар келісе алмай, дау қарулы күреске ұласты.

17 сәуірде Суданда БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының үш қызметкерінің қаза тапқаны белгілі болды. Осыған байланысты WFP басшылығы елдегі жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары