Шымкент саябағындағы «Бәйтерек» аттракционы бұзылып, 20 минут бойы адамдарымен бірге биіктікте тұрып қалды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Куәгерлердің жергілікті тілшілерге айтуынша, адамдар қатты үрейленген. Шымкент тұрғындары саябақты жөндеуге жабуды талап етіп отыр.
"Қыздар қорқып, айғайлай бастады. Мен оларды тыныштандыруға тырыстым. Біз 20 минуттай жоғарыда отырдып қалық, содан кейін қызметкерлер бізді түсіре бастады, бірақ толық емес, өйткені құрылғы дұрыс жұмыс істемей тұрды. Біз, қала тұрғындары атракционға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеумен қамтамасыз ету үшін барлығы жабылуын сұраймыз», - деп жазды Elitar.kz жергілікті тұрғындардың сөзін.
Келушілердің аттракциондағы сәтсіз демалыстары үшін ақшасы қайтарылмады. Саябақтың қонақтары аттракцион ескі электр қозғалтқышының кесірінен істен шыққанын айтты.
Еске салайық, 6 мамырда Ресейде балалар мінген карусель құлаған болатын.