×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда 62 мыңнан астам жетім бала баспанасыз жүр

21.05.2023, 18:05
Ашық дереккөз

Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 62 501 бала баспана кезегінде тұр. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты депутаттық сауалға жауап бергенде айтты.

"Соңғы он жылда 8 458 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала баспаналы болды, 2022 жылы 673 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала баспанамен қамтылды. 2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 62 501 бала бар”, – деп жазды ол.

Үкімет басшысы 2022 жылы жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін (50/50) субсидиялау тетігі іске қосылғанын айтты. Бағдарлама мұқтаж ретінде есепте тұрған және соңғы 6 айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қолжетімді.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында мүгедек қыздың мемлекеттік тұрғын үйден шығарылғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары