×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қырғызстанда Күдебаевтың қашу ісі бойынша 4 күдікті тергеліп жатыр

22.05.2023, 14:57
Қырғызстанда Күдебаевтың қашу ісі бойынша 4 күдікті тергеліп жатыр
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қырғызстанда Алматы облысы полиция департаментінің  бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қашу ісі бойынша төрт күдікті тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік дереккөзінің мәліметінше, Күдебаев Қазақстан-Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Растауда талап ететін ақпаратқа сәйкес, Шекара қызметінің әскери қызметшісі оның Қырғызстан аумағында болуын заңдастырған.

"Бұдан әрі Серік Күдебаев Түркияға "Манас"әуежайы арқылы ұшып кетті. Әскери прокуратура заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл іс бойынша төрт адам тергеліп жатыр. Олар Бішкектің тергеу изоляторына қамалды. Алдын ала ақпарат бойынша, айыпталушылардың бірі — әскери қызметші, қалған ұсталғандар қарапайым азаматтар", — деп хабарлаған құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сот шешімі бойынша Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сәуірдің басында генералдың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткенін хабарланған болатын. Тілшілеріміз экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

27 сәуірде Бас прокуратура Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын мәлім еткен.