×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда ипотекаға сұраныс төмендеді

22.05.2023, 18:01
Қазақстанда ипотекаға сұраныс төмендеді
фото: ашық дереккөзден

Отандық банктерге сауалнама жүргізген Ұлттық банк мәліметінде осылай делінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, бірінші тоқсанда ипотекалық несиеге сұраныс 13%-ға төмендегені байқалған. Бұл 194 мың өтінім азайғанын білдіреді. Алматы мен Астанада сұраныс бірден 20%-ға төмендеген.

Ұлттық банк негізінен ірі банктердегі көрсеткіш төмендегенін хабарлады. Ал нарық қатысушылары мұны «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ай сайынғы лимиттердің тез игерілуімен, маусымға орай сұраныстың азаюымен және несие бойынша мөлшерлеменің төмендеуімен түсіндіреді.

«Ипотекалық қарыздар құнының өсуі кейбір банктердегі бағдарламалар бойынша ипотекалық несиелеудің азаюына әсер етті», – деп атап өтті Ұлттық банктің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаев.

Ипотекаға өтінім берудің орташа сомасы тоқсан ішінде 4%-ға немесе 700 мың теңгеге өсіп, 17,2 млн теңге болған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, орташа чек 1,6 млн теңгеге өскен.

Бірінші тоқсанда банктер барлығы 127,5 мың өтінімді қарады, мақұлдау деңгейі (қаралмаған өтінімдерді есепке алмағанда) 33,5% - дан 38% - ға дейін өсті. Яғни, несиелік өтінімдердің үштен бірінен сәл астамы мақұлданып, қалған 60%-ынан бас тартылды.