×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Әсері күшті дәрілердің ірі көлемі Қазақстаннан заңсыз әкетілмек болған

23.05.2023, 14:18
gov.kz

Алматыда Қазақстан аумағынан адам денсаулығына зиянды әсер ететін препараттарды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл дәрілік препараттар салмағы 92,5 кг 2923 пакет мөлшеріндегі  биологиялық белсенді қоспа ретінде мәлімделген.  

«Сонымен қатар кедендік сараптаманың нәтижесінде мәлімделген биологиялық белсенді қоспалар таблеткалар мен ампулалар түрінде оралған, ҚР аумағында экспорты мен импорты шектеулі саналатын күшті анаболикалық стероидтер екені анықталды», - делінген хабарламада.  

Осы факті бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тыйым салынған және тасымалдауы шектелген тауарлардың, оның ішінде әскери және қосарлы мақсаттағы тауарлардың өткізілуіне тұрақты негізде бақылау жүргізетінін еске салады.  

Серіктес жаңалықтары