×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Қазақстанның Гайдайды Украина елшісі ретінде қабылдамауы: СІМ түсініктеме берді

23.05.2023, 16:28
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Луганск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы болған Сергей Гайдайды Қазақстан тарапы елші ретінде қабылдамады деген ақпарат жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР СІМ хабарлауынша, халықаралық тәжірибеге және 1961 жылдың 18 сәуірінде шыққан дипломатиялық қатынастар туралы Вена келісіміне сәйкес, елшіні тағайындауды келісу жабық режимде жүргізіледі. Себебі қабылдаушы тарап себебін түсіндірместен ұсынылған кандидатураны қабылдамауы мүмкін.

«Бұл шешімді достыққа сай емес акт ретінде бағалауға болмайды. Аталған процедураның құпия сипатын ескере отырып, біз аты аталмаған дереккөзге сілтемемен жарияланған ақпарат жөнінде пікір білдіре алмаймыз. Жалпы Қазақстан тарапы қазақстандық-украиналық көпжоспарлы достық қарым-қатынасты дамытуға бейімділікті сақтайды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Украинаның Қазақстандағы Дипломатиялық өкілдігі басшысы ретінде ресми Киев Сергей Гайдайды ұсынған еді. Алайда БАҚ мәліметінше, Қазақстан тарапы бұған келіспеген.

Украина ақпарат көзінің хабарлауынша, ресми Киев Луганск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы болған Сергей Гайдайды Украинаның Қазақстандағы Дипломатиялық өкілдігі басшысы етіп тағайындалуын мақұлдауды өтінген. Алайда Қазақстан агреман беруге келіспеген. Бұл туралы УНИАН агенттігі Зеркало недели ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, қазақ тарапы Қазақстанға Украина жағынан кәсіби дипломаттың келуін өтінген.

Серіктес жаңалықтары