×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Оқулықтарды мерзімінен бұрын жинап алған мектептер жазаланады

25.05.2023, 10:53
Оқулықтарды мерзімінен бұрын жинап алған мектептер жазаланады
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Мемлекеттік стандарт бар, оқу бағдарламасы бар. Егер мектеп стандарттарды орындамаса – бұл қаржылық бұзушылықтар, өйткені олар жалақы алады, бұл оқу бағдарламасы. Біз қазір мониторинг жүргізіп, мемлекеттік стандартты орындамайтын мектептерді анықтап жатырмыз. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, белгілі бір шаралар қабылданады", - деді министр Үкімет кулуарында.

Десе де, Ғани Бейсембаев оқулықтарды мерзімінен бұрын жинағаны үшін мұғалімдер мен директорларға қандай жаза қолданылатынын нақтылаған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды, яғни биыл ел мектептерінде 31 мамырға дейін сабақ болады. 

Бұдан бұрын министр “Оқу жылының ұзақтығы қайтадан 25 мамырға дейін қысқартыла ма,” деген сұраққа жауап берген.