×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Британ парламенті Голодоморды украин халқының геноциді деп таныды

26.05.2023, 08:57
Фото: Ашық дереккөзден

Британ парламентінің Қауымдар палатасының депутаттары 1930 жылдардағы голодоморды украин халқының геноциді деп тану шешімін бірауыздан қолдады. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Мәселені дауысға салуға Ұлыбританияның консервативті партиясының депутаты Полин Летам бастамашы болды. Оның айтуынша, бұл шешім Ресей президенті Владимир Путинге оның Украинада ашқан соғысына байланысты жолдау болуы керек.

«Кеңес одағы миллиондаған украиналықты аштыққа ұшыратып, мәжбүрлеп қоныстандыру арқылы жойды, бұл Украинадағы бүгінгі оқиғаларды еске түсіреді. 30-жылдардағы Сталин бүгінгі Путин сияқты украин халқын және болмысын жойғысы келді », - деді депутат.

Британ парламентінде дауыс беру нақты қадамдарды білдірмейді.

Украинаның Жоғарғы Радасы 2006 жылы Голодоморды украин халқына қарсы геноцид деп жариялады. Голодоморды украин халқының геноциді деп ресми мойындаған елдердің тізіміне АҚШ, Канада, Австралия, Португалия, Мексика, Бразилия, Франция, Исландия елдері бар.

Серіктес жаңалықтары