×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

"Қазфосфат" уақытша жабылуы мүмкін

13.07.2022, 10:37
фото: ашық дереккөзден

Тараздағы "Қазфосфат" зауыты ауаға зиянды заттар тарап кетуіне байланысты уақытша жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Astana телеарнасының хабарлауынша, облыстық экология департаментінің мамандары кәсіпорын жұмысын уақытша тоқтатпақ. Себебі, ауаға зиянды күкірт сутегінің мөлшері шамадан тыс тарап кеткен көрінеді. Бұл жағдай тәулігіне екі рет қайталанған.

"Санитарлық қоғау аумағынан сынама алынып, ол жерде күкірт сутек зиянды заттар анықталып, нормадан тыс асқаны анықталды. Қазіргі таңда жоспардан тыс тексеріс дайындалып жатыр. Зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндегенге дейін зауыт жұмысын уақытша тоқтататын шығармыз", - деді Жамбыл облысы экология департаментінің бөлім басшысы Серік Нұрбаев.

Зауыт мамандары да болған оқиғаның себептерін анықтап жатыр. "Қазфосфат" ЖШС бас экологы Арман Қарағалиевтің айтуынша, зауыт зертханасында зерттеу жүргізілген, санитарлық учаскелер мен қала маңында дозаның шамадан тыс асқаны тіркелген жоқ.

Жайылған қою түтінге қатысты арнайы құрылған жұмыс тобының қорытындысымен көпшілік келіспейді. Себебі, кешелі-бері тұрғындардың тамағы ашып, көздері жасаураған.

Еске салсақ, Тараз тұрғындары дүйсенбі кешке әлеуметтік желілерде тұман басқан қаланың видеоларын бөлісті. Олар жағымсыз иіс салдарынан тыныс алу қиындағанын айтты.

Қаланы түтін басуына "Қазфосфат" зауытындағы жағдай себеп болған.

Сағат кешкі сегізде моногидратты абсорбер сорғысы істен шықты. Оосыған байланысты ауаға газ (күкірт триоксиді) тарады. Цех жұмысы шұғыл түрде тоқтатылды.