×
$
466.08
538.56
5.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
466.08
538.56
5.65

Головкин ресми түрде ISSA вице-президенті қызметіне үміткер атанды

Бүгін, 12:16
Головкин ресми түрде ISSA вице-президенті қызметіне үміткер атанды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Оның кандидатурасы біліктілік және этикалық талаптарға сәйкестігін тексерудің белгіленген рәсімдерінен өтті. Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан ISSA Атқарушы комитетінің 2026-2029 жылдардағы сайлауына үміткер ретінде тіркелді. Тиісті тізім ISSA құрамындағы барлық ҰОК-теріне жолданды.

Сайлау 2026 жылдың 12 қыркүйегінде Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерін біріктіреді. ISSA ұйымдастыруымен өтетін басты спорттық жарыстардың бірі – Ислам ынтымақтастығы ойындары.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық даңқты боксшы, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті атанған еді.

Ол халықаралық спорт федерациясын басқарып отырған алғашқы қазақстандық ретінде тарихқа енді. Өкілеттік мерзімі – үш жыл.