×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Оңтүстік Кореяда жолаушы ұшақ есігін ашып жіберген

27.05.2023, 11:47
Ашық дереккөз

Ауа жетіспеушілігінен лайнер бортындағы 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Әскери-әуе күштеріне сілтеме жасап.

Asiana Airlines ұшағы Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласындағы әуежайға қонып жатқанда есігі ашылып кетті. Ұшақтың жолаушысы кейінірек түсіндіргендей, ол абайсызда есікті ашып жіберген.

Бортта 190-нан астам адам болған. Ұшақ аман-есен қонды, бірақ 12 жолаушы ауа жетіспегендіктен есінен танып қалды, оның 9-ы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Лайнер бортында төтенше жағдайға себепкер болған жолаушы қамауға алынды. Полиция тергеуді бастады.

Бұған дейін Түркістан-Стамбул рейсіндегі ұшаққа найзағай түсіп, ұшу уақыты кейінге шегерілгенін хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары