×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Әзірбайжан президенті жақын арада Армениямен бейбіт келісімге қол қою мүмкін

28.05.2023, 14:53
Ашық дереккөз

Алайда, Ильхам Әлиев Армения тағы да ұстанымын өзгертіп жіберуі мүмкін деген пайымда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Azertag басылымына сілтеме жасап.

«Қазір Армения біздің аумақтық тұтастығымызды мойындағандықтан, бейбітшілік келісіміне іс жүзінде ешқандай елеулі кедергі жоқ», - деді ол Лачин облысының тұрғындарымен кездесуінде.

 

Еске салайық, 22 мамырда Армения премьер-министрі Никол Пашинян аймақтағы армян халқының қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда Таулы Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі ретінде тануға дайын екенін мәлімдеген. Бұл ретте ол аймақ тұрғындарының құқықтары мен қауіпсіздігі мәселесін Степанакерт (танылмаған Таулы Қарабақ Республикасының астанасы) мен Баку арасында талқылау керектігін атап өтті.

Әлиев өз кезегінде Ереванмен бітімгершілік келісімге қол қоюдың сөзсіз екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары