×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

"Мәдениет министрінің өз "мәдениеті" бар": Қазнет Ораловтың әрекетін сынға алды

29.05.2023, 08:33
Inbusiness.kz

Әлеуметтік желі қолданушылары Мәдениет министрі Асхат Ораловтың қоғамдық орындағы әрекетіне шүйлікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Астана Опера" театрына барушылардың бірі министрге қатысты жағымсыз оқиға жайлы айтып берді. Оның айтуынша, министр өзінің лауазымын пайдаланып, көпшілікпен кезек күтуге құлықсыздық танытып, өзге шенеуніктермен бірге көрші есіктен кіріп кеткен.

"Біздің шенеуніктер халықпен бір қатарда болмауға деген ұмтылыстан арыла алмайтын секілді. "Астана Опера" театры, біз кезекте тұрмыз және басқа есік арқылы мәдениет министрі Асхат Оралов және басқа да бірқатар адамдар өтіп кетті. Өте қызық. Өте!"- деді шенеуніктің әрекетіне наразылық білдірген әйел.

Айта кетейік, Оралов 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Мәдениет министрлігін басқарып келеді.

Ораловтың өмірбаянында ең әуелі көзге түсетіні – оның жасы: Мәдениет министрлігінің басшысы 1990 жылы 10 ақпанда дүниеге келген. Бүгінгі таңда ол еліміздің ең жас министрі (бұл тізімде бірінші орында экология министрі Зүлфия Сүлейменова тұр).

Бұған дейін Оралов Nur Otan (қазіргі  Amanat) партиясының атқарушы хатшысы болған. 

Серіктес жаңалықтары