×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

«Қытай сайттарында Қазақстан жері жарнамаланып жатыр»: ҚР СІМ ақпаратқа түсініктеме берді

29.05.2023, 16:51
turkystan.kz

Өткен аптада ел ішінде Қытай елінің бірнеше сайтында Қазақстанның жері жалға берілетіні туралы ақпарат тараған еді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осы жайт жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Иә, бұл жарнаманы біз де көрдік. Қытай тарапына біздің елші дереу жеткізді. Біз де Қытай елшілігіне жеткіздік. Бұл хабарлама біздің «ОLХ» секілді сайт екен. Модерациядан қалай өткенін білмедік. Соны қазіргі таңда тексеріп, ондайды келешекте болдырмау жолын қарастырып жатырмыз», - деді Айбек Смадияров.

Айбек Смадияров Қытай тарапынан нақты жауап келмегенін, жарнаманың «фейк» екенін айтады.

«Телефонмен хабарласып көрді. Ешкім алмайды. Өзіңіз айтқандай провакация да болуы мүмкін», - дейді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, өткен аптада ел ішінде Қытай елінің бірнеше сайтында Қазақстанның жері жалға берілетіні туралы ақпарат тарады. Бұл жаңалық әлеуметтік желіде қызу талқыланып, біршама негатив туғызып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жер комитеті бұл ақпаратты жалған деп терістегенімен, қытай тілін жіті меңгерген отандастарымыз мұндай жарнамалардың бір емес, бірнеше сайтында жарияланғанына назар аударады. Оның үстіне кейбір жарнамалар 1 немесе 2 күн бұрын ғана жарияланғанын атап өтеді.

Серіктес жаңалықтары