×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтөбе облысында қамқоршылар жетімдерге тиесілі 1,5 миллион теңгені жымқырды

06.10.2021, 20:14
Ақтөбе облысында қамқоршылар жетімдерге тиесілі 1,5 миллион теңгені жымқырды
Фото: ашық дереккөз

Қамқоршылар кәмелеттік жасқа толмаған жетім балаларға төлем алу үшін екі шот ашқан, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

mgorod.kz-ның мәліметінше, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің баспасөз қызметі Хромтау аудандық білім бөлімінде кездейсоқ тексеру жүргізу кезінде Ақтөбе облысы бойынша департаменті тарапынан заң бұзушылықтар анықталғанын хабарлады.

«Аудиторлар 2018 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге жетім балалардың қамқоршыларына аударымдар белгілеудің негізділігін тексерді. Бұл кезеңде облыстық білім беру басқармасы «Қазпочта» АҚ мен «Халық банкі» АҚ-да қамқоршыларға арналған шоттар ашқан және екі картаға да бір мезгілде ақша аударылған. Яғни, бір төлемді қорғаншылар екі рет алған. 2018 жылы 737,3 мың теңге шамадан тыс аударылса, 2019 жылы 876,5 мың теңге және 2020 жылы 23,9 мың теңге артық аударылған. Барлығын қосқанда 1 637 700 теңге», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл қаражат бюджетке қайтарылды, ал мекеме есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.