×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ақтөбеде әкімдік қызметкерін қатыгездікпен өлтірген такси жүргізушісіне үкім шықты

02.06.2023, 09:56
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкімдік қызметкерінің өліміне қатысты атышулы іс бойынша үкім шықты. Жоғалып кеткен әйел 35 пышақ жарақатымен таксидің жүксалғышынан табылған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот мәліметінше, 2023 жылғы 23 ақпанда арада туындаған жанжал кезінде такси жүргізушісі өзінің танысы – әкімдік қызметкеріне ас үй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған, нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.

Прокурор сотталушыға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

“Сот сотталушының жәбірленушіні аса қатыгездікпен өлтіруге ниетін растайтын дәлелдер анықталмағандықтан, "Ү"-нің әрекеттерін ҚК-нің 99-бабы 2- бөлігі 5-тармағынан ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне қайта саралады. Сотталушының ниеті тікелей адам өлтіруге бағытталғаны, қорлау, қинау орын алмағаны сотта нақты дәлелін тапты.ҚК-тің 99-бабы 1-бөлігінің санкциясында 8 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Соттың үкімімен «Ү» адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сотталушыдан жәбірленуші пайдасына 8 000 000 теңге моральдық зиян өндірілді. 

Марқұмның артында 16 және 18 жастағы екі қызы қалды. Оның отбасы сот шешімімен келіспейтіндерін мәлімдеді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары