×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Тереңкөлде балықтың қырылу себебі белгілі болды

02.06.2023, 17:20
Фото: instagram.com/ecologysko

Солтүстік Қазақстан облысында Тереңкөлдегі балықтың қырылу себебі анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске салайық, сәуір айының соңында СҚО Аққайың ауданы Тереңкөлде балықтың қырылу фактісі тіркелді. 

Облыстық экология департаментінің мәліметінше, оқиға орнына экологтер, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Аққайың ауданының ветеринария қызметі мамандары және «НПЦ РХ» ЖШС қызметкерлері аттанып, балықтың қырылу себебін анықтау үшін өлген балықтың ұшасы мен су сынамасы алынды.

100 кг шамасында өлген су жәндігі жиып алынып, жойылды. Мамандар балықтың қырылу себебін анықтады. 

«Тереңкөл көлінде балықтың ішінара қырылуы су қоймасының таяз учаскелерінің түбіне дейін қатуы салдарынан болды. Қыста қатты аяздан өңірдегі су айдындарында мұздың қатуы 1-1,5 метрге жетті. Көлді жалға алушыға су айдынының гидрохимиялық режимін жақсарту үшін су айдынына тұрақты мониторинг жүргізу, артық өсімдіктерді шабу және аэрация жүргізу бойынша мелиоративтік жұмыстар жүргізу ұсынылды. Ал су қоймасын жалға алушы жануарлар дүниесін қорғау, балық өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін табиғатқа келтірілген залалды өтейді», - дейді мамандар.

Серіктес жаңалықтары