×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

«Алтын Орда» базары директорының орынбасары ұсталды – желіде оқиғаның видеосы пайда болды

03.06.2023, 09:09
Ашық дереккөз

Полицияның мәліметінше, бір күн бұрын BMW көлігіндегі қарулы адамдар туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полицейлер көліктен ақ ұнтақты зат, травматикалық қару мен оқ өтпейтін жилет тапты. Ұсталғандар арасында «Алтын Орда» базары директорының орынбасары да бар.

Сондай-ақ, полиция бұл факті бойынша «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» (Қылмыстық кодекстің 287-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

Instagram-дағы Бесінші аймақ парақшасында жазба авторы «Алтын Орда» базарын басып алудың тағы бір әрекетін болжайды.

Еске салайық, билік «Алтын Орда» базарының бағаға ықпалын азайтамыз деп уәде еткен болатын

Серіктес жаңалықтары