Алматыдағы «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығының мемлекетке қайтарылған үлесі электронды аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Сауда-саттық 7 тамызда E-Qazyna порталында өтті. Нәтижесінде нысан 24 772 753 285 теңгеге сатылған. Әзірше сатып алушы туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Бұған дейін
«Байсат» базарын бірден сату мүмкін болмады. Нысан алғаш рет 2025 жылғы 18 қарашада 28,6 млрд теңге бастапқы бағамен аукционға шығарылған. Алайда сол кезде сатып алушы табылмады.
Кейін нысан бірнеше рет қайтадан саудаға қойылды. Жалпы активті сату үшін алты рет аукцион өткізуге тура келген. Нәтижесінде базар бастапқы бағадан шамамен 3,8 млрд теңгеге төмен бағаға сатылды.
Еске салайық, 2024 жылғы қаңтарда Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылған еді.
Мемлекетке өткен мүлік құрамына жалпы ауданы 4 221,4 шаршы метр болатын үш нысан және 1,4 гектар жер учаскесі кірді. Бұл активтер Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған «Совместное предприятие КазГерСтрой» ЖШС мен «Astana Finansial Group» ЖШС-нің меншігінде болған.