×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Рыбакина Ролан Гарростағы ойынынан қанша табыс тапты

04.06.2023, 08:09
Ашық дереккөз

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Франция ашық чемпионатына қатысқаны үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Теннисші 142 мың еуро ұтып алды. Сондай-ақ ол 130 рейтингтік ұпай еншіледі.

3 маусымда спортшы сырқатына байланысты турнирден бас тартты.

«Кеше денсаулығым нашар болды, дене қызуым көтерілді. Бүгін де солай. Ойнау шынымен қиын. Температура бар, басым аурырады, ұйқым нашар. Мен екінші матчтан кейін осындай белгілерді сезіне бастадым», - деді ол.

Рыбакина Берлинде, Истборн мен Уимблдонда ойнауды жоспарлағанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары