×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Бюджет қаражатын жымқырған АҚШ азаматы Қазақстаннан қашып кеткен

05.06.2023, 15:40
фото: ашық дереккөзден

Қылмыстық істі тергеу аясында облыстың арнайы прокурорларының өтініші бойынша Ақмола облыстық сотының қаулысымен мемлекет пайдасына АҚШ азаматшасының мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, тергеу барысында Бурабай жағалауында орналасқан жер учаскесі бар жеке клиниканың жаңа ғимараты мен «Лексус» маркалы автокөліктің заңсыз сатып алынғаны анықталған.

«Г.Ю.А.» клиникалар желісінің иесі бола тұра, Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларымен бір топта Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде ескі медициналық жабдықты жаңа ретінде жеткізіп 1 167 513 600 теңге сомасына бюджет қаражатын жымқырғаны бойынша күдіктенеді, сонымен қатар медициналық жабдықтардың бір бөлігі жұмыс істемейтіндігі анықталды», – делінген хабарламада.

Кейіннен ол осы ақшаға жаңа емхана ғимаратын 890 млн теңгеге салып, оны мемлекетке 4,5 млрд теңгеге сатуға тырысқан.

«Г.Ю.А.» 2021 жылғы сәуірде қылмыстық іс тіркелгенге дейін Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп кеткен.

Осыған байланысты, оған сырттай күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол халықаралық іздеуге жарияланды. 

Серіктес жаңалықтары