Астанадағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы кешеден бері келген азаматтарға қызмет көрсете алмай отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Орталық қызметкерлерінің түсіндіруінше, ІІМ базасының істен шыққандықтан ешқандай қызмет түрін алу мүмкін емес. Алайда бұл жөнінде азаматтарға ешқандай ескерту хабарлама жіберілмеген.
"Жұмыстан сұранып шыққандар мен басқа қаладан келгендерге қиын болып жатыр. Қызметтің барлық түрі тоқтаған", - дейді азаматтардың бірі.
Ал арнайы ХҚКО-ға халық әлі ағылып келіп жатыр. Наразылық білдіріп, шу көтерушілер қатары көбейе түсері анық.