×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Елбасы канцеляриясы жойылады

07.06.2023, 16:16
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазір аталған кеңсенің реструктуризациясы жүріп жатыр. Қызметкерлердің бір бөлігі басқа ұйымдарға ауысады, тағы бір бөлігі қысқарады. Канцелярия болмайды. Ол реструктуризация деңгейінде. Бір-бір жарым айдың ішінде мәселе шешіледі деген ойдамын", - дейді Жамаубаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сенат төрағасы Назарбаев канцеляриясының көлемі мен қызметкерлері қысқарғанын айтқан.

«Менің білуімше, канцелярияның көлемі қысқарған. Алайда оның нақты қанша екенін айта алмаймын. Онда жұмыс істеп жатқан адамдардың саны да күрт қысқарған. Осыған байланысты бюджетті қарағанда біз қаржы мәселесін қарайтын шығармыз. Сондықтан онда бұрынғыдай біраз адам жұмыс істеп жатқан жоқ әрі қазір үлкен функциялар да жоқ», - деген еді Мәулен Әшімбаев.

Серіктес жаңалықтары