×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Назарбаев университетінің қаржылық қызметі тексеріледі

08.06.2023, 09:53
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана халықаралық форумының кулуарында Назарбаев университетін қандай өзгерістер күтір тұрғанын айтып берді. Оның сөзінше, Назарбаев университеті туралы заң өзгеріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясат Нұрбек Үкіметтің, Жоғары білім министрлігінің негізгі мақсаты – университеттің әлеуетін сақтап қалу және оны мықты зерттеу деңгейіне шығару болып отырғанын айтады.

"Негізгі басым жоспарымыз – зерттеу әлеуетін көтеру. Назарбаев университетте өте мықты тоғыз зертхана бар. Ең мықтың профессорлар, оқытушылар шоғырланған. Мақала тұрғысынан, ғылыми публикация тұрғысынан ең бірінші деңгейде тұр. Бірақ қолданбалы, салалық зерттеулер аздау. Шыны керек ұлттық компанияларымызға, салалық компанияларымызға, өндіріске қолданбалы үлесі әлі аздау», - деді министр.

Оның сөзінше, университетті қаржыландыру тәртібі сол күйінде қалады.

«Автономдық құқығы шектелмейді. Өйткені жиналып қалған потенциалды шайқап, төгіп алмауымыз керек. Қалыптасқан кадрларды, сол жерге құйылған ақшаның арқасында пайда болған мықты зертханаларды төгіп алмауымыз. Қаржыландыру тәртібі сол күйінде сақталады. Бірақ қазір анализін жасауымыз керек. Сол анализдің қорытындысына қарай көреміз. Білесіздер, басшылығы ауысады. Үлкен конкурс жарияланады. Сол конкурс негізінде ғана басшылық тағайындалып, содан кейін анализ жасалады», - деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, бұдан бұрын Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кететіні хабарланған.

Серіктес жаңалықтары