×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қамаудағы журналист Думан Мұхаметкәрімнен жаңа іс бойынша жауап алынып жатыр

09.06.2023, 14:06
Қамаудағы журналист Думан Мұхаметкәрімнен жаңа іс бойынша жауап алынып жатыр
фото: ашық дереккөзден

Қамаудағы журналист Думан Мұхаметкәрімнен "Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" (Қылмыстық кодекстің 258-бабы) бабы бойынша қылмыстық істе куәгер ретінде жауап алынып жатыр. Бұл туралы оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бүгін одан қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды. Думан қазір әкімшілік қамауда болғандықтан, басқа әрекеттер әлі жүргізілген жоқ. Бұл туралы ойымды айтайын ба? Бұл Мұхтар Әблязовпен сұхбатқа байланысты", - деді авдокат.

Айта кетейік, Нұрпейісов Мұхаметкәрімнің журналистік қызметінен Әблязовтің ізі табылғанын бұдан бұрын да айтқан.

"Ол сондай-ақ сот тыйым салған қоғамдық немесе діни бірлестіктің қызметін ұйымдастыру туралы іске қорғауға құқығы бар куәгер ретінде тартылып жатыр", - деді қорғаушы.

Айта кетейік, қорғауға құқығы бар куәгер қылмыстық істі тергеу барысында күдікті болуы мүмкін.

Еске салайық, Думан Мұхаметкәрім 20 наурызда Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырғаны үшін қамауға алынды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.

Бұдан бұрын адвокат Ғалым Нұрпейісов Әблязовпен сұхбаты үшін журналист жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан.

26 мамырда босап шыққан Думан Мұхаметкәрім 28 мамырда қайта қамауға алынды

2 маусымда журналистің тергеу изоляторында тағы да аштық жариялағаны белгілі болды.

Көп ұзамай оның әкесі әкесі Алмаз Тілепов те ас-судан бас тартатынын мәлімдеді. Іле аудандық прокуратурасына барған Думан Мұхаметкәрімнің ата-анасы ұлдарының заңсыз ұсталып отырғанын, денсаулығы нашарлағанын айтып, оны босатуды талап етті.