Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Шымкентте жұмыс сапарымен болып, Түркістан сарайында мегаполис тұрғындарымен кездесу өткізді. Дегенмен кездесу оқиғасыз өткен жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кейбір азаматтар жергілікті белсенділер мен құқық қорғау органдарына сын айтқысы келгендердің Ішкі істер министрлігі басшысымен кездесуге рұқсат бермегеніне наразылық білдірді. Олардың айтуынша, залда мемлекеттік қызметкерлер мен ұстаздар қауымы басым болып, ведомствоны қолдайтындықтарын білдіріп, министрді мерекемен құттықтаған.
Қолда бар кадрлар халықпен кездесудің қалай аяқталғанын көрсетеді.