×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Семейдегі өртті сөндіру кезінде көз жұмғандардың отбасыларына Halyk Bank 3 млн теңге береді

11.06.2023, 15:16
Семейдегі өртті сөндіру кезінде көз жұмғандардың отбасыларына Halyk Bank 3 млн теңге береді
Ашық дереккөз

Halyk Bank өртте қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Halyk Bank өртті сөндіру кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына материалдық көмек жібереді. Сонымен қатар, олардың отбасыларының Halyk Bank-те бұрыннан бар несиелері есептен шығарылады. Банк басшылығы мен ұжымы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады», - делінген мекеменің баспасөз хабарламасында.

Еске салайық, «Семей орманы» табиғи резерватында болған ірі өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.

Адамдардың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.