×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алаяқтар "ескі" айлаға көшті: полиция қазақстандықтарға ескерту жасады

12.06.2023, 09:47
Алаяқтар "ескі" айлаға көшті: полиция қазақстандықтарға ескерту жасады
фото: ашық дереккөзден

ІІМ алдын алу шараларының күшейтілуіне және ауыспалы абоненттік нөмірлерден жасалатын алаяқтық қоңыраулардың бұғатталуына байланысты киберқылмыскерлер ескі айла-амалдарына көшкенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соңғы кезде егде жастағы адамдарға қатысты жасалатын алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Алаяқтар үй телефондарына хабарласып, өздерін сол кісілердің жақын туыстары ретінде таныстырып, жол апатына түскендерін айтып, мәселені шешу үшін ақша сұрайды.

"Одан кейін телефонды полиция қызметкеріне бергендей болады. Ал олар өз кезегінде қарт адамдардың сенгіштігін пайдаланып, жинаған қаражатын жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адамға беруге немесе жақынын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін жұмсауға көндіреді", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің басқарма бастығы Марат Төлеуханов.

Жәбірленушілер ақшаны беруге келіскеннен кейін оларға қарай курьерді жібереді.

"Осыған орай біз азаматтарды, әсіресе қарт адамдарды мұқият болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырамыз! Егде жастағы туыстарыңызға алаяқтықтың осы түрі туралы ескертіңіздер. Мұндай қоңыраулар түскен кезде телефонмен сөйлесуді тоқтатып, келіп түскен ақпаратты тексеру үшін аталған туыстармен байланысу қажет. Ақпарат расталмаған жағдайда "102" нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласыңыздар", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің басқарма бастығы Марат Төлеуханов.