×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Даниал Ахметовтың орнына ұсынылған 3 кандидаттың есімі аталды

14.06.2023, 08:29
фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орнына ықтимал кандидатуралар белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәселен, "Чемодан госсекретов" Telegram-арнасының мәліметінше, ШҚО әкімінің орнына келесі кандидатуралар қарастырылуда:

бұрынғы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді,

президенттің көмекшісі Әсет Исекешев,

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев.

Ulysmedia.kz дереккөзінің мәліметінше, Сматлаевты бұл лауазымға өңірдің қазіргі әкімі Даниал Ахметов лайық көреді, ал Тілеуберді мен Исекешевті Президент әкімшілігі ұсынып отыр.

Әсет Исекешев 2022 жылдың ақпан айында президенттің көмекшісі болды. 2008 жылы дәл осындай лауазымды атқарды. 2012 жылы индустрия және жаңа технологиялар министрі болды. 2016 жылдан 2018 жылға дейін Астананы басқарды.

Мұхтар Тілеуберді 2023 жылдың сәуірінде ғана сыртқы істер министрі қызметінен кетті. Бір қызығы, ол СІМ-нің жаңа басшысы Мұрат Нұртілеуді таныстыру рәсімінде төбе көрсеткен жоқ. Ведомство оның сырқаттанып қалғанын айтты.

Алмасхан Сматлаев 2014 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істейді. 2014 жылдан 2016 жылға дейін әкімнің көмекшісі, 2016 жылдан 2018 жылға дейін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, 2018 жылдан 2020 жылға дейін әкімнің орынбасары, 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін әкімнің бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.

Дәл қазір өңірдің басшысы – қазақстандықтар жиі сынайтын Даниал Ахметов. Оған қатысты шағымдар Абай облысында өрттен кейін бұрынғыдан бетер күшейе түсті (бұл аумақ соңғы уақытқа дейін ШҚО-ға кірді).

Ахметовтың ШҚО әкімі ретіндегі өкілеттік мерзімі жақын арада аяқталады.

Даниал Ахметов – қазақстандық билік олимпінде ұзақ орныққандардың бірі. 

Еңбек жолын 1976 жылы Екібастұзда Бүкілодақтық комсомол құрылысында прораб болып бастаған, кейін инженер, әкім, министр, премьер-министр орынбасары және премьер-министр лауазымына дейін көтерілді.

2014 жылдан бастап табан аудармай Шығыс Қазақстан облысын басқарып келеді.

Айта кетерлігі, Ахметов әр кезіккен сайын оның зейнет жасында екенін еске салудан шаршамайтын журналистердің шабуылына табандылықпен тойтарыс беріп келеді.

Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында ол әкім лауазымында тағы қанша уақыт отыруға ниетті екенін айтқан еді.

Сондай-ақ, ШҚО әкімі Қазақстанды "елбасысыздандыру" процесіне қатысты пікір білдірген.

Серіктес жаңалықтары