×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы тергеліп жатыр

15.06.2023, 08:02
НГ

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сапабек Мұқышев өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Арызды күдіктінің 20 жастағы өгей қызы 2022 жылғы қарашада жазған, бірақ бұл қазір ғана белгілі болған.

Бұл дерекке қатысты бірден 2 бап – «Зорлау» және «Бірнеше рет зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Тергеу аясында бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалып, жүргізілді, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады, зардап шеккен тарап қорғауға алынды», - деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары