×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы допинг үшін жарыстардан шеттетілді

15.06.2023, 10:36
Olympic.kz

Ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионы Артем Антропов жарыстан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Inside The Games-ке сілтеме жасап.

Жастар арасында әлем чемпионы атанған Антропов Азия чемпионатында күміс медаль алған соң, жарыстардан уақытша шеттетілді.

Қазақстандық спортшының сынамасынан бұлшықет пен сүйектерге көмектесетін анаболикалық стериодтардың ізі табылған. Егер спортшының кінәсі дәлелденсе, жарыстардан түбегейлі шеттетілуі мүмкін.

Айта кетсек, 23 жастағы Артем Антропов 2017 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған. 2022 жылғы Азия чемпионатының қола, 2023 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Әлем чемпионатында үздік төртікке енген. 

Серіктес жаңалықтары