×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

СҚО шенділері 3 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуларын заңсыз өткізбек болған

15.06.2023, 11:43
kazlenta.kz

Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар заңсыз өтпек болған 8 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды. Олардың жалпы сомасы – 2,9 млрд теңге, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, СҚО мемлекеттік сатып алу басқармасы Петропавл қаласында жер учаскесіне рұқсат құжаттарынсыз 2,5 млрд теңге сомасына көппәтерлі үй салу бойынша конкурс өткізген.

Тағы бір жағдайда, Ақжар ауданында 300 млн теңге сомасына автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі қажетті ведомстволық сараптамасыз жүргізілген.

“Прокурорлық қадағалау актілерімен конкурстардың күші жойылды, заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі. Тағы 4 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл конкурстар анықталған заң бұзушылықтар жойылғаннан кейін қайта өткізілетін болады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Атырау шенділері жәрмеңке ұйымдастыруға 100 млн теңгеге жуық қаржы жұмсауды жоспарлар отырғаны хабарланған.

Ал Шымкент мектебі 20 допты 2,7 млн теңгеге сатып алмақ болған еді.

Серіктес жаңалықтары