×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Абай облысындағы өрт төрт учаскеде сөндіріліп жатыр

15.06.2023, 16:39
Абай облысындағы өрт төрт учаскеде сөндіріліп жатыр
ТЖМ

Абай облысындағы орман өртін сөндіруге тартылған күштер мен құралдар төрт учаскеде – Поднебесное, Жерновка ауылдарында, Шульбинск кентінде, Каштак орманшылығында қызыл жалынмен арпалысып, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру төменгі бөлікте және авиация арқылы жүргізілуде. 

“Өртке қарсы арақашықтық мен минералдандырылған жолақтарды жасау, өрт ошақтары мен өрттің периметрі бойынша жиектерге су төгу, өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жұмыстары жалғасуда. Таңертең жүргізілген аэровизуалды барлау нәтижесінде күштер мен құралдар өртті жедел сөндіру үшін Каштак орманшылығы бағытына жіберілді. Өрт сөндірушілердің жедел қабылдаған шараларының, үйлесімді жұмысының арқасында өрттің таралуына жол берілмеді”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тартылған тікұшақтар өрт аумағын аэровизуалды тексеруді және өрт ошақтарына су ағызуды жүзеге асыруда. Бүгін таңғы сағат 6.00-дан бері барлығы 214 рет көлемі 600 тонна су ағызылды. Өрт басталғалы бері барлығы 2 100-ге жуық рет көлемі 6 000 тоннадан астам су ағызылды.

Еске салсақ, 8 маусымда “Семей орманы” аумағында өрт  тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Абай облысына аттанған үкіметтік комиссия 10 күн тергеу жүргізіп, өртті сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтамақ.

Сондай-ақ, бұдан бұрын ІІМ басшысы Марат Ахметжанов өртті дер кезінде ауыздықтай алмаған экс-министр Юрий Ильиннің әрекеті тексерілетінін мәлімдеді.

Ал Бас прокуратура борман өртінің шығуы себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын айтты.