×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Кейбір ірі елдер бізге өз стандарттарын күштеп енгізгісі келеді - Тоқаев

17.06.2023, 10:38
Кейбір ірі елдер бізге өз стандарттарын күштеп енгізгісі келеді - Тоқаев
Ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өтіп жатқан екінші Ұлттық құрылтайда кейбір ірі елдер "өз қажеттігін батырып, өз стандарттарын күштеп енгізгісі келеді" деп мәлімдеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Алайда қай мемлекет екенін атамады. Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Тоқаев халықаралық қарым-қатынас қатты ушығып кеткенін айтты.

Саясатта ғана емес, экономика, жан-жақты салада бәсеке артқанын мәлімдеген Мемлекет басшысы осындай жағдайда Қазақстан бірлікте болуы керектігін атап өтті.

Президент "Ұлттық құрылтай арқаны кеңге салып отыратын жиын емес" екенін де атап өтті.

"Бүгінгі құрылтайдың отырысы еліміздегі қайғылы оқиғадан кейін өтіп жатыр. Абай облысында алапат өрт шығып, азаматтарымыз қаза тапты. Тағы да қайталап айтқым келеді: біз мұндай оқиғадан сабақ алуымыз керек, нақты шешімдер қабылдауымыз қажет.

Ел басына түскен қиындықтар, ең алдымен, біздің береке-бірлігімізді сынға салады. Осындай күрделі сәттер, ең бастысы – шынайы жанашырлық және терең жауапкершілік таныту қажет екенін айқын көрсетеді. Мұны өздеріңіз өте жақсы түсініп отырсыздар", - дейді Тоқаев.