×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Президент кейде балалардың қатыгездігі жан түршіктіретінін айтты

17.06.2023, 11:04
Президент кейде балалардың қатыгездігі жан түршіктіретінін айтты
Ашық дереккөз

Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейде балалардың қатыгездігі жан түршіктіретінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ұрпақ тәрбиесіне ықпал ететін шараларға баса мән беруіміз керек. Бұл салада кемшіліктер көп екені жасырын емес. Мектептегі тәрбие жұмысы ақсап тұр. Соңғы кезде оқушылардың бір-біріне қысым, зорлық-зомбылық, әлімжеттік көрсетуі жиі болып кетті. Оны, тіпті, бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желіге салу «сәнге» айналды. Кейде балалардың қатыгездігі жан түршіктіреді.

Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамдағы тағы бір келеңсіз және өзекті мәселе болып тұр. Мұндай заңсыз әрекет жасағандар міндетті түрде заң аясында тиісті жазасын алуы керек. Еліміздің болашағы отбасында қалыптасады. Ал, отбасы бақытты болса, еліміздің келешегі де жарқын болады" - дейді президент Ұлттық құрылтайда.
 

 Айта кетейік, Түркістанда екінші Ұлттық құрылтай өтіп жатыр. Онда президент кейбір ірі елдер бізге өз стандарттарын күштеп енгізгісі келетінін мәлімдеді.

Содан соң Кеңес дәуіріндегі жасанды тұлғалардың есімін нысандарға беруді доғару керектігін ескертті.