×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Шығыс Қазақстан облысындағы қорықтағы өрт: жаңа деректер жарияланды

18.06.2023, 15:46
Ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігі өртті сөндіруге 100-ден астам адам қатысып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қатонқарағай ауданы Сенное ауылынан 3 шақырым жерде, Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орман шаруашылығы, 44 орам) 18 маусым күні сағат 14:00-де өрт шықты.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкері, 99 адам мен 3 бірлік орман шаруашылығы техникасы, авиациялық орман қорғаудан 6 адам, жергілікті атқарушы органдардан 7 адам жұмыс істеуде.

Кейіннен Қатонқарағай ұлттық табиғи паркінің Ақсу филиалы аумағындағы өрттің оқшауланғаны белгілі болды.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Ермек Көшербаев бір күн бұрын өрт шыққан қорық аумағына ұшып кеткен болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, өрт Риддер қаласының аумағында орналасқан Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында басталған.

Серіктес жаңалықтары