×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Маңғыстауда 8 оқытушы жалған дипломмен сабақ беріп келген

19.06.2023, 08:54
Маңғыстауда 8 оқытушы жалған дипломмен сабақ беріп келген
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының колледждерінде жалған дипломдармен жұмыс істеген қызметкерлер анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, талдау жалған құжатты пайдаланудың 8 дерегін анықтады: Ақтау колледждерінде – 5 оқытушы, Қарақия ауданында – 3 оқытушы жұмыс істеген.

Прокурорлар барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап материалдарды одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін полиция органдарына жолдаған.

Мысалы, құқық бұзушылардың бірі 2 жыл бойы Қарақия кәсіптік колледжінде жалған дипломмен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқытушының жұмысын атқарған.

Қарақия ауданының соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша 30 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындаумен қылмыстық жауаптылыққа тартты.

“Осы тектес құқық бұзушылық үшін аталған сот сол колледждің басқа екі оқытушысына қатысты үкім шығарды, олар жұмыстан босатылды. Төрт эпизод бойынша полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген қылмыстық істері рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды. Бір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде”, – делінген хабарламада.