×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Жамаубаев экспорт-импорт статистикасындағы алшақтықты қалай түсіндіреді

20.06.2023, 14:33
Фото: Ulysmedia.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Жоғарғы аудиторлық палатаныың үкімет есебіне берген қорытындысына түсіндірме берді. Атап айтқанда, экспорттық және импорттық статистикадағы алшақтығы түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жалпы әлемдік тәжірибеде барлық елдерде тауарлардың сыртқы саудасының кедендік деректерінде әріптес елдермен сәйкессіздіктер болады. Ондай алшақтықтың негізгі себептері сыртқы сауда статистикасының қалыптастырудың әдістемелік ерекшеліктерінде. Дегенмен алшақтықтарды азайту мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда. Тауарларға арналған декларацияларды бақылау және шығару үшін кедендік функцияларды орталықтандыру жүзеге асырылды», - деді Жамаубаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Оның айтуынша, бұл бақылау шаралары бойынша орталықтандырылған шешім қабылдауға, өткізу пунктеріндегі жедел ахуалға қашықтан бақылау жасауға мүмкіндік бердген. Сондай-ақ экспорттық декларациялармен онлайн алмасу жүргізілуде. Мысалы Қытайдан келе жатқан тауарлар туралы алдын ала ақпарат алуға жол ашқан.

«2022 жылдың басында президент кеден саласының тәртіпке тапсырма берген. Тиісті меморгандармен бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесінде былтыр тек Қытайдан келетін тауарлар бойынша бюджетке 465 млрд теңгеге кедендік салық пен түсім түскен. Бұл 2021 жылмен 60 пайызға артық», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары