×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Арқалық жылу электр орталығы тек қағаз жүзінде пайдалануға берілген

21.06.2023, 14:19
Арқалық жылу электр орталығы тек қағаз жүзінде пайдалануға берілген
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қостанай облысының Арқалық қаласында тапсырыс беруші Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі толық дайын болмаса да, жалпы сомасы 7,4 млрд теңге болатын екі жобаны қабылдаған. Оның бірі «Арқалық қаласын 2030 жылға дейін жылумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау» жобасы болса, екіншісі - қуаты 2,5 МВт №2 станцияның турбоагрегатын ауыстыру бөлігінде Арқалық ЖЭО-сын реконструкциялау. Нәтижесінде Арқалық жылу электр орталығына қатысты жұмыстар тек қағаз жүзінде іске асырылған», - деді Н. Годунова.

Айта кетейік, бұдан бұрын еліміздің жылумен қамту жүйелеріне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы жарияланды. Қыста жылусыз қалған қалалардағы ЖЭО-ларды тексерген аудиторлар миллиардтаған қаржылық бұзушылықтарды анықтады.