×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы 2 айға ұзарды

21.06.2023, 16:38
Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы 2 айға ұзарды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 тамызына дейін ұзартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 20 маусымдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни күдікті 2023 жылдың 21 тамызына дейін қамауда отырады», - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген өткен жылдың 22 сәуірінде ұсталды. 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі үздіксіз ұзартылып келеді.

Қ.Құдайбергенге «Дикий» Арманмен бірге қаңтар оқиғасы кезінде адам жинауды ұйымдастырды деген айып тағылған.  Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты  порталымызға тергеу камерасынан жолдаған жазбаша жауабында қаңтар оқиғасы жайлы өз нұсқасын айтып берген еді.