×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қостанайда агроөнеркәсіпке бөлінген 500 млн теңге субсидия ұрланған

22.06.2023, 09:31
tengrinews.kz

Қостанайда бір топ жеке тұлға агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша субсидия ретінде бөлінген 500 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ 2022 жылдан бүгінге дейін әрекет етіп келген.

Қылмыстық схема бойынша шаруа қожалықтары шын мәнінде жоқ өнімді қайта өңдеу зауытына жалған жеткізіп, олар үшін субсидиялар төленіп, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар арасында үлестірілген.

“Сот ұйымдастырушы мен оның екі сыбайласын 2 айға қамауға алу туралы санкция берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын ақтөбелік депутат 457 млн теңге заңсыз субсидия алған еді.

Серіктес жаңалықтары