×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Алматыдағы ВИЧ жұқтыру оқиғасы: Досаев өз жауапкершілігін сезіне ме

22.06.2023, 12:27
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасындағы АИТВ жұқтыру оқиғасына қатысты сұраққа жаупа берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ulysmedia.kz тілшісі шенеунікке бұл оның басшылығы тұсында АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алғашқы жағдайы емес екенін еске салды. Досаев Денсаулық сақтау министрілігін басқарған уақытта Шымкентте де осындай оқиға болған еді.

Әкім бұл оқиғалар үшін өзінің жеке жауапкершілігін сезінетінін нақтылаған жоқ, алайда ол "өзін жауапты адам ретінде көрсеткенін" атап өтті.

"17 жыл өтті. Маған бұл сұрақ менің жауапкершілігіме қатысты қойыла береді. Мен сол уақытта сала басшысы ретінде өз жауапкершілігімді  қабылдадым. Өзімді жауапты адам ретінде көрсеттім деп ойлаймын. Шымкентте де, Алматы да инфекция жұқтыру жағдайларын өзіміз анықтадық. Жұмыс жалғасуда. Осы жылдар ішінде бақылау күшейтілді", - деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, біз оқиғадан кейін аурухана басшылығы неге жұмыстан шеттетілмегенін сұрадық. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі тергеудің аралық нәтижелерін жариялаған еді,  АИТВ жұқтырған барлық адамдар дәл сол ауруханада бір уақытта емделгені анықталды.

Досаев кінәлі адамдар тергеудің соңғы нәтижелері бойынша жауапкершілікке тартылатынын айтты.

"Материалдар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілді. Жұмыс жалғасуда. Бізде 2021-2022 жылдары АИТВ жұқтырғандар саны өсті. 82% жыныстық қатынас арқылы, қалғаны есірткі қолдану арқылы беріледі. Инфекция  клиникаға сырттан келді ме, әлде аурухананың өзінен шықты ма — комиссия анықтайды”, – деді әкім.

Қала басшысы мәселе жұмыстан қуумен шешілмейтінін атап өтті.

“Барлығы қажетті жауапкершілікті өз мойнына алуы керек. Денсаулық сақтау министрлігі және қала әкімдігін тиісті шешім қабылдайды", - деп түйіндеді шенеунік.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаланың орталық клиникалық ауруханасында емделушілердің АИТВ жұқтырғанын растаған.

Көп ұзамай осы факті бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері тексеруді бастағаны хабарланды.

20 маусымда министрлік эпидемиологиялық тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады.

Серіктес жаңалықтары