×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Қалада робот секілдіміз»: Бақыт Шадаева не үшін ауылға көшкенін айтты

Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Бақыт Шадаева «Оян» бағдарламасына берген сұхбатында бір жыл бұрын ауылға көшкенін, қазір санасы да, ойы да өзгергенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, адамға, жерге, малға, табиғатқа деген көзқарас өзгеріп, олар адамға басқаша бір әсер етеді.

Мен негізі 2023 жылға дейін Алматыдан шыққан адам емеспін. Осы 2024 жылдан бастап мен ауылға көшіп кеттім. Шынымды айтайын, ауылға барып менің санам да, ойым да өзгерді. Халықтың көзқарасына қарап мен қазір көп нәрсені үйреніп жатырмын. Қазіргі таңда мен дүниені басқа қырынан көріп жатқан секілдімін, қазақ екенімді енді ғана тұла бойыммен сезініп жатырмын. Біріншіден, адамға, жерге, малға, табиғатқа деген көзқарас өзгеріп, олар адамға басқаша бір әсер етеді. Сондықтан негізі арасында бір айға ауылға кетіп қалу керек екен. Бұл менің әрбір өнер жолында жүрген адамға айтар кеңесім. Неге? Өйткені ауылда көп нәрсені басқаша сезініп бастайсыз, - дейді Бақыт Шадаева.

Оқи отырыңыз: «Зираттың шөбін жұлдым»: Белгілі әнші Алматыға келген жылдарын еске алды

Сондай-ақ әнші қалада адамдардың қарым-қатынасы дұрыс емес екенін айтты.

Бұл өнерге кедергі болмайды, керісінше, пайдасын тигізіп, басқаша қырын ашады. Қалада тұрғанда таңертең ұйқыдан оянамыз да бір бағыт бойынша жүре береміз. Ылғи да бір жаққа асығып жүреміз, тоқтамайтын, бір уақыт тыныс алып жан-жаққа қарайтын уақыт жоқ, робот секілдіміз. Қалада адамдардың қарым-қатынасының өзі дұрыс емес. Ауылда адамдармен сөйлесіп, жан-жаққа, табиғатқа қарап, көңіл бөлу адамға мықты қуат береді. Ауыл адамды баптайды, қуаттайды. Өмірдің бәрі қаланың сыртында екен ғой, - деді ол. 

Тағы оқыңыз: «Қатты қызығамын»: Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты

Серіктес жаңалықтары