×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанға «ерікті түрде» қайтарылды – Әділет министрі Jusan Bank жайлы

23.06.2023, 11:55
Қазақстанға «ерікті түрде» қайтарылды – Әділет министрі Jusan Bank жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Азамат Есқараевтың айтуынша, Jusan тобы мемлекеттен алған қаражатты уақытынан бұрын қайтарып, Қазақстанның білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыруға міндеттелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында журналистер министрден Jusan Bank-тың Қазақстанға қалай қайтарылғанын сұраған. Бұған дейін Jusan Bank Қазақстан юрисдикциясына қайтарылғаны жөнінде ақпарат жарияланғанымен, процестің қалай болғаны жөнінде еш мәлімет берілмеген еді.

Әділет министрі бұл тұрғыда ең бірінші кезекте «нәтиже маңызды» екенін айтады. Есқараевтың айтуынша, Jusan тобы кезінде Қазақстанның юрисдикциясынан, Қазақстан үкіметі мен мемлекеттік органдары есебінен шығарылған.

«Қазір тиісті шаралардың, жұмыстың арқасында банкті де, топтың бәрін де үкімет пен мемлекеттік құрылымдарға кері қайтаруға мүмкіндік туды. Тиісті келісім жасалды. Тиісті тараптар өздеріне міндеттерді алды»,  –  дейді ол.

Азамат Есқараев Jusan тобы мемлекеттен алған қаражатты уақытынан бұрын қайтаруға міндеттелгенін айтады. Сонымен қатар Қазақстанның білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру міндетін алған.

«Біз мұны белгілі бір үлкен нәтиже деп есептейміз», - дейді ол.

Есқараев бұл келісім жағынан еш соманы атамады. «Бәрі ерікті түрде болды. Тараптап тиісті келісімді жасады» деген министр жұмыстың егжей-тегжейін айта алмайтынын мәлім етті.