×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Банк тұзағындағы тіршілік: 4 айда халыққа 15 трлн теңге несие берілген

23.06.2023, 13:51
globalnews.kz

Биылғы жылдың төрт айында елімізде заңды тұлғаларға – 10 трлн 682,4 млрд теңге, жеке тұлғаларға 14 трлн 938,7 млрд теңге кредит берілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Елдің халықаралық резервтері 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 94,7 млрд АҚШ долларға жетіп, 2023 жылдың басына қарағанда 4,3% өсті. Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері 1,1% немесе 35,5 млрд АҚШ долларына дейін, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 6,3% немесе 59,2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды», - деп жазылған Ұлттық экономика министрлігінің құжатында.

Министрлік дерегіне қарағанда, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторының экономикаға берген кредиті 25 трлн 621,1 млрд теңге болған. Оның ішінде заңды тұлғаларға – 10 трлн 682,4 млрд теңге, жеке тұлғаларға 14 трлн 938,7 млрд теңге кредит берілген.

«Депозиттер 2023 жылғы 1 маусымда 30 трлн 629,2 млрд теңге болып, 2023 жылдың басына қарағанда 1% азайды. Заңды тұлғалардың депозиттері 3,8% немесе 14 трлн 711,4 млрд теңгеге дейін төмендеді. Жеке тұлғалардың депозиттері 1,7% немесе 15 трлн 917,8 млрд теңгеге дейін көбейді. Ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 2022 жылғы желтоқсандағы 68,4%-тен 2023 жылғы мамырда 71,6%-ке дейін өсті», - делінген ведомство есебінде.

Айта кетейік, бұдан бұрын белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов халықты қарызға батырған банктерге шүйліккен.

Жуырда Мәжіліс депутаты Абзал Құспан өзінің депутаттық сауалында халыққа несие беру мәселесін көтерді.

Серіктес жаңалықтары