×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті өтпейтін болды

23.06.2023, 13:03
әлеуметтік желіден

Бұл ақпаратты Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Филармония мәліметінше, 7 шілде күні филармонияда Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның концерті болады деп жоспарланған. 

"22 маусым күні іс-шараны ұйымдастырушы концерттің болмайтынын хабарлады. Бұл концерт біздің залда өтпейді деген сөз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін әнші Алматыда есірткіге мас күйде ұсталған болатын. Кейінірек Төреғали Төреәлі 20 тәулікке қамалып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Алайда әншінің адвокаттары өз клиенттерінің құқығы бұзылғанын айтып, наркологиялық сараптаманың қорытындысымен келіспейтіндерін мәлімдеді.

Сондай-ақ, оның үстінен қылмыстық кодекстің 308-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары