×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қаңтарда бүтін бір отбасының оққа ұшуы: әскери қызметкер 7 жылға сотталуы мүмкін

23.06.2023, 17:17
Қаңтарда бүтін бір отбасының оққа ұшуы: әскери қызметкер 7 жылға сотталуы мүмкін
оққа ұшқан Сейітқұловтар отбасы

Талдықорғанда 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Сейітқұловтар отбасын атып өлтірді деп айыпталған әскери қызметкер 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Бұл туралы құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина мәлім етті.

Мемлекеттік айыптаушы Данияр Егінбаевты әкесі мен қызын атып өлтіргені үшін ҚР ҚК-нің 451-бабының 2-бөлігі (Билікті асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға соттауды сұрады.

Төреғожинаның мәліметінше, сот үкімі 26 маусымда оқылады.

Еске салайық, 2022 жылдың жылдың 8 қаңтарында ерлі-зайыпты Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және олардың оқушы қызы Нұрай қонақтан қайтып келе жатқан. Бұл уақытта Талдықорған аумағында коменданттық сағат енгізілген еді. Арнайы жасақ тәртіпті бұзды деген желеумен оларға оқ атқан.

Биылғы жылдың 20 қаңтарында өткен сотта тек Нұрболат Сейітқұлов пен қызы Нұрай Оразыханға қатысты іс қаралған. 50 жастағы Алтынай Етаеваға оқ атылғаны әлі дәлелденбеген. Оған қатысты тергеу жалғасып жатыр.