×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АҚШ шенеуніктері Ресейдегі жағдайды «мұқият қадағалауда» - CNN

24.06.2023, 09:21
АҚШ шенеуніктері Ресейдегі жағдайды «мұқият қадағалауда» - CNN
Ашық дереккөз

Вагнер ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожиннің қоқан-лоққыларынан кейін АҚШ шенеуніктері Ресейдегі жағдайды жіті бақылап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz CNN арнасына сілтеме жасап.

Американдық басылым сұхбатт алған сарапшылардың бірінің айтуынша, Пригожиннің соңғы пікірлері АҚШ-та «оның әдеттегі риторикасынан да артық нәрсе» ретінде қарастырылады және олар әскери серпіліс немесе Украина қарулы күштерінің тактикалық жетістігінен кейін болды деп болжайды.

Бұған дейін Вагнер ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін айыптап, қарулы қақтығыс бастауға себепші болды деп мәлімдеген.

ЖӘК бастығының айтуынша, Вагнер қатарында зардап шеккендер көп.

Пригожин өзінің қарамағында 25 000 жауынгері бар екенін және барлық орыстарды, оның ішінде тұрақты армияның мүшелерін де өздеріне қосылуға шақырды.

Ол науқанның мақсатын «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылығын жауапқа тарту» деп атады.

ЖӘК басшысы «Президенттік билік, үкімет, Ішкі істер министрлігі және басқа да құрылымдар бұрынғыдай жұмыс істей береді» деп сендірді.

Пригожин: «Бұл әскери төңкеріс емес – бұл әділдік маршы», - деді.

Вагнер тобын ресейлік кәсіпкер Евгений Пригожин құрған және өзі басқарады, құқықтық мәртебесі белгісіз ресейлік мемлекеттік емес қарулы ұйым.

2014 жылдан бері бұл топ Украинада, одан кейін Сирияда әрекет етуде. 2017 жылдың маусымында Вагнер АҚШ-тың санкциялар тізіміне енді.

2022 жылдың қыркүйегіне дейін Вагнер ЖӘК кем дегенде 5 786 ресейлік тұтқынды жұмысқа алды, олардың 2 036-сы Украинадағы соғыс аймағына жіберілді.